Туған күнінде Қытайға мемлекеттік сапармен аттанған Тоқаевты көрші ел қалай қарсы алды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.
Ал 19 мамырда мемлекет басшысы "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020936-toqaev-qytaiga-memlekettik-saparmen-bardy-foto-video/