jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Туған күнінде Қытайға мемлекеттік сапармен аттанған Тоқаевты көрші ел қалай қарсы алды (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай әуежайында қарсы алуда
    Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

    Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай әуежайында қарсы алуда
    Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Сонымен қатар президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайда
    Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Ал 19 мамырда мемлекет басшысы "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

    Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды.

    Туған күнінде Қытайға мемлекеттік сапармен аттанған Тоқаевты көрші ел қалай қарсы алды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.