Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италия премьер-министрі өз еліндегі табиғи апатқа байланысты Астанаға жұмыс сапарын тоқтатты

Опубликовано:

Италия премьер-министрі
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони. Фото: Massimo Di Vita / Archivio Massimo Di Vita / Mondadori Portfolio / Getty Images

Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстан астанасына келе алмайтыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мелонидің іссапардан бас тартуына өз еліндегі табиғи апат себеп болған.

"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Осы себепке байланысты Италия үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды.

Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұрады", - деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетелік, бұған дейін Джорджа Мелонидің Астанаға жұмыс сапарымен ұшып келетіндігі хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021430-italiya-premer-ministri-qazaqstanga-keluden-bas-tartty/

pixel