jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Жылы әңгіме болды": Италия премьер-министрі Тоқаевқа алғыс айтты

    Джорджа Мелони
    Джорджа Мелони. Фото: twitter.com/GiorgiaMeloni

    Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Мелони Twitter-дегі ресми парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Рим мен Астана арасындағы екіжақты қарым-қатынастың керемет деңгейін және осы қатынасты одан әрі нығайтуға деген ортақ қызығушылыққа негізделген жылы әңгіме болды. Мен президент Тоқаевқа Эмилия-Романьядағы су тасқынынан зардап шеккендерге байланысты Италияға көңіл айтқаны үшін алғыс айтамын", - деп жазды Италия премьер-министрі Джорджа Мелони парақшасында.

    Бұған дейін Ақордада 22 мамырда Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған болатын.

    Алайда кейінірек Джорджа Мелонидің Астанаға ұшпайтыны белгілі болды. Эмилия-Романья аймағындағы су тасқынына байланысты премьер-министр Қазақстанға мемлекеттік сапарын тоқтатуға мәжбүр болған.

    Айта кетейік, бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мелонимен телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты премьер-министрге және бүкіл Италия халқына көңіл айтқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.