Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы арнасында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты.

Шағын форматта өткен жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының президенті - ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Жиын барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, президент Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022076-toqaev-zogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenestin-sagyn-quramdagy-otyrysyna-qatysty/

pixel