Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда 10 жаңа автобус пайдалануға берілді

Опубликовано:

Автобустар
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгін Тараз қаласына "Smart City Servise" ЖШС тарапынан қосымша 10 бірлік "Golden Dragon" маркалы автобустар пайдалануға берілді. Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, қоғамдық көліктердің жағдайымен танысты.

"Облыс орталығында автобустардың тапшылығы туындап отыр. Бұл тұрғындардың тарапынан жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі. Осыны шешу мақсатында биыл жыл соңына дейін 70 автобусты ел игілігіне ұсынуды жоспарлап отырмыз. Өткен айда 23 жаңа қоғамдық көлік әкелінсе, бүгін міне 10 автобус пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы ілкімді істер әрі қарай да өз жалғасын табады. Біз әрдайым халықтың жоғары сұранысына ие, жұртшылыққа сапалы қызмет көрсететін тасымалдаушы серіктестікпен тығыз жұмыс істейміз. Бұл – бүгінгі нарықтың талабы", – деген шаһар басшысы автобус жүргізушілерінің мәдениетін жақсартып, олардың еңбекақысын арттыру қажеттігін де жеткізді.

шаһар басшысы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жалпы сыйымдылығы 90 адамға арналған автобустардың 4 бірлігі қазіргі №9 маршрут бағытына беріліп, "Шаңырақ" алқабына қызмет көрсететін болады.

Автобуста
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Еске сала кетейік, аталған бағыт Талас ауылынан бастап Саңырақ батыр көшесіне дейін жүру жиілігі 10 минуттан қатынаған еді. Енді тұрғындардың сұранысына байланысты ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап "Көктем" алқабы арқылы "Арай" алқабындағы Бәйдібек баба көшесіне дейін бағыты ұзартылды. Сонымен қатар, бағыттың таңғы, түскі және кешкі 1 реттік рейстері "Шаңырақ" алқабына дейін созылған. Бұған қоса алқап тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында 1 маусымнан бастап 14 кестемен жүру жиілігі 11 минуттан қызмет көрсетеді. Бағыт ұзақтығы - 30,8 шақырым.

шаһар басшысы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Ал қалған 6 қоғамдық көлік пандемияға дейін тоқтап қалған №56 маршрут бағытын қайта іске жандандырады. Аталған бағыт №13 "Бәйтерек" ықшам ауданынан бастау алып, Айша бибі, Тәуке хан, Б.Момышұлы, Сейфуллин, Лермонтов, Ташкентская көшелері арқылы Абай және Төле би даңғылдарын қамтумен "Ауыл береке" базарына жиілігі 15 минуттан жүреді. Бағыттың ұзақтығы - 17,4 шақырым. Ал қызмет көрсету мерзімі таңғы сағат 06:45-тен кешкі сағат 22:00-ге дейін.

автобус жүргізушісі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022803-tarazda-10-zana-avtobus-paidalanuga-berildi/

pixel