Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан әуежайында қарсы алуда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспаөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысын әуежайда Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алған.

Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023088-toqaev-qyrgyzstandagy-solpan-ata-qalasyna-zumys-saparymen-bardy/