Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" басшыларының кездесуінде сөз сөйледі

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Орталық Азия Еуропалық Одақ" басшыларының кездесуінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" басшыларының екінші кездесуінде Транскаспий бағытының Орталық Азия аймағына маңыздылығына тоқталды. Президент еуропалық серіктестерді Каспий теңізі порттарын дамытуға, логистикалық қоймаларды құруға шақырды.

"Еуропалық қайта құру және даму банкінің мәліметі бойынша, Транскаспий бағыты 2030 жылға қарай жыл сайынғы өткізу қабілетін 250-300 мың контейнерге дейін арттыру арқылы өз әлеуетін одан әрі кеңейтеді.

Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз цифрлық шешімдерді енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүргізудеміз. Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия аумақтары арқылы Транскаспий бағытын дамыту және кедергілерді бір мезгілде жою бойынша Жол картасына қол қойылды.

Біз еуропалық серіктестерді Каспий теңізі порттарын дамытуға, олардың қызметін цифрландыруға, сондай-ақ көлік кемелерін бірлесіп шығаруға және логистикалық қоймаларды құруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Еуропалық экспорттаушылар үшін қосымша мүмкіндіктер Транскаспий бағыты бойынша жүктердің кері транзитін дамыту болып табылады", – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды.

Саммит аясында мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023170-toqaev-ortalyq-aziya-europalyq-odaq-bassylarynyn-kezdesuinde-soz-soiledi/