Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Атырау МӨЗ мен МАЭК-тегі апаттардың себептерін тексеру үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Опубликовано:

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Видеодан кадр: instagram.com/atyrauoil.news

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен МАЭК-тегі апаттардан кейін туындаған жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы бүгін Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апаттардан кейін туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр

Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілді.

Еске салсақ, бүгін, 3 шілде күні Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында апат орын алып, соның салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалған болатын.

Кейін "Атырау-Жарық" компаниясы мен Энергетика министрлігі Атырауда электр қуатының апатты жағдайда сөну себебін түсіндірді.

Сондай-ақ Атырау облысының әкімдігі жағдайдың мән-жайын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027412-toqaev-atyrau-munai-ondeu-zauyty-men-maek-tegi-apattardyn-sebepterin-tekseru-usin-memlekettik-komissiya-qurudy-tapsyrdy/

pixel