jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Бас прокуратура Францияның Әблязовты елден шығару ұйғарымына пікір білдірді

    Мұхтар Әблязов
    Мұхтар Әблязов. Фото: Thomas Coex/AFP/Getty Images

    Шілде айының басында Мұхтар Әблязов оған Франциядан шығуға 30 күн уақыт берілгенін мәлімдеген еді. Еліміздің Бас прокуратурасы қолда бұл деректі растайтын немесе терістейтін мәлімет жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

    "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Франция билігінің М.Әблязовты елден шығару туралы шешім қабылдады делінген ақпаратқа қатысты бұл деректі растайтын немесе терістейтін сенімді мәліметінің жоқ екендігін хабарлайды", – деп жауап берген ведомство агенттіктің ресми сауалына орай.

    Агенттіктің жазуынша, Бас прокуратура шетелдік азаматтарды елден шығару мәселесі, олардың көші-қон заңнамасын сақтауы Француз республикасының ғана ішкі ісі екендігін атап өткен.

    Мемлекеттік органның атап өтуінше, Мұхтар Әблязов ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде жүр.

    Бас прокуратура өкілетті орган ретінде Әблязовты экстрадициялау бойынша қылмыстық процессуалдық заңнамада және халықаралық шарттарда көзделген шараларды қабылдап жатыр.

    "Бұған қоса, Қазақстанның Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-тармағына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеу, оның ішінде қылмыстық іс бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастыққа қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды. Сондықтан сіздердің сауалдарыңызға қатысты жан-жақты ақпарат қазіргі уақытта берілмейді", – деп түсіндірген ведомстводан.

    Бас прокуратура Францияның Әблязовты елден шығару ұйғарымына пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.