jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі ауысты

    Құжатқа қол қойып отырған ер адам
    Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Рақымжан Ерназар Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Бұған дейін бұл лауазымда Айдын Құлсейітов болған еді.

    20 шілдеде ол мемлекет басшысының өкімімен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жаңа меңгерушісі болып тағайындалғаны туралы жазған едік.

    Сондай-ақ Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі - бұл президент құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

    Әкімшіліктің міндеті — президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзге де бағытта қамтамасыз ету.

    Қазақстанда Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.