Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жұмыс нәтижесімен таныстырды

Опубликовано:

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы
Фото: АО «Samruk-Kazyna Construction»

16 тамызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетовтың қатысуымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға арналған баспасөз брифингі өтті. Іс шара барысында құрылысқа дайындық жұмыстары туралы ақпарат беріліп, конкурстық рәсімдердің нәтижелері жарияланды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектеп тапшылығы мен оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесін кешенді шешуге арналған. 2023-2025 жылдары республика бойынша жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынады, осылайша 738 мыңға жуық оқушы орны ашылады.

Бүгінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектептерді жобалау, салу және жабдықтау бойынша мердігерлермен 166 келісімшарт жасасты. 195 мектеп бойынша конкурстық рәсімдердің нәтижелері жарияланды. 7 мектепке қайта тендер жарияланып, 4 мектеп бойынша мердігерлермен бір көзден келісімшартқа отыру көзделген.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңдарында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар үш сейсмикалық және екі климаттық аймақ бойынша 31 типтік және 6 дербес ЖСҚ әзірлену үстінде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңызды басымдықтарының бірі отандық тауар және қызмет өндірушілерді қолдау болып табылады.

«Біздің міндетіміз – жобаны сәтті жүзеге асыру арқылы құрылыс саласының дамуына қуатты серпін беру. Біз отандық кәсіпорындарды қолдауға және олардың өндірістік қуаттарын нығайтуға және кеңейтуге мүмкіндік беруге дайынбыз. Сонда миллиардтаған доллар ел экономикасы мен халықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істейді», - деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы.

Мектептер ең озық STEM зертханаларымен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, демалыс және желілік аймақтармен жабдықталады. Әр сыныпта интерактивті тақта және компьютер болады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған кедергісіз орта жасалады. Жайлы мектептердің ауданы қарапайым жалпы білім беретін мектептердің көлемінен 15-20%-ға үлкен болады, ал техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге артады.

Жоба аясында 50 мыңға жуық уақытша жұмыс орны (құрылыс кезеңінде) және 40 мың тұрақты жұмыс орны (мектептер пайдалануға берілгеннен кейін) құрылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032723-samruk-kazyna-construction-aq-zaily-mektep-ulttyq-zobasy-boiynsa-zumys-natizesimen-tanystyrdy/