Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан президенті Қазақстанға келе жатыр

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев және Эмомали Рахмон. 2021 жылғы 20 мамыр. Душанбе. Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екі ел басшысы Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Эмомали Рахмон елімізге мемлекеттік сапармен биыл мамыр айында келген еді.

Сапар барысында Тәжікстан мен Қазақстан президенттері кеңейтілген және шағын құрамда келіссөз жүргізіп, маңызды құжаттарға қол қойды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033751-tazikstan-prezidenti-zumys-saparymen-qazaqstanga-keledi/