Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды

Жарияланған күні:

Жүк көліктері
Жүк көліктері. Көрнекі фото: Graham Hughes/Bloomberg via Getty Images

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды

Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 22 тамыз күні Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын.

Сонымен қатар оқиғаға қатысты Қаржы министрі Ерұлан Жасаубаев жүк көліктерінің кептелісі есірткі тәркілеу операциясына байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034084-toqaev-ukimetke-qazaq-qyrgyz-sekarasyndagy-zagdaidy-retteudi-tapsyrdy/