Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік бұрынғы мәжілісмен Мәди Ахметовке қатысты ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Мәди Ахметов
Мәди Ахметов. Фото: instagram.com/madi_akhmet

Кейбір Telegram-арналарда бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысы облыс әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сүйікті Мәди Ахметовтеріңіз Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болуы мүмкін", - делінген Telegram-арналардың бірінде.

Алайда Алматы облысының әкімдігі бұрынғы мәжілісмен басқармаға жұмысқа орналасады деген ақпаратты растаған жоқ.

"Әзірге мұндай ақпарат жоқ", - деп хабардар етті әкімдіктен.

Айта кетейік, Мәди Ахметов Қазақстанның тұңғыш президентіне ескерткіш орнатуды ұсынғаннан кейін желіде танымал болған еді. Көпшілік сол кезде жас жігіттің ұсынысын қатты сынға алған болатын.

2021 жылы ол жетінші шақырылған мәжілістің ең жас депутаты атанды. Сондай-ақ Мәди Ахметов "Жас Отан" Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметін де атқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035630-almaty-oblysynyn-akimdigi-buryngy-mazilismen-madi-axmetovke-qatysty-aqparatqa-zauap-berdi/

pixel