Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің баспасөз хатшысы болып қайтадан Берік Уәли тағайындалды

Опубликовано:

Берік Уәли
Берік Уәли. Фото: aqorda.kz

Белгілі журналист Берік Уәли президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Берік Уәли 2019-2022 жылдары Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған еді.

"Хабар" агенттігі" АҚ ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Берік Уәли 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы", 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын "Журналистика", 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – "Хабар" агенттігінің, "ТАҢ" телекомпаниясының, "НТК" телеарнасының, "31 канал" ЖШС-нің журналисі, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, "Нұр Медиа" ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан ұлттық арнасының "1-студия" саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы болған.

2019 жылғы наурызда Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалып, 2022 жылғы наурызда бұл қызметтен босатылды.

2022 жылғы наурыздан бүгінге дейін "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036331-berik-uali-prezidenttin-baspasoz-xatsysy-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel