"Тәжірибелі адамдар келді": Қошанов министрлер кабинетіндегі өзгерістер туралы айтты
Жарияланған күні:
Бүгін үкімет кулуарында мәжіліс спикері Ерлан Қошанов министрлер кабинетінің жаңа құрамы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Журналистер мәжіліс спикерінен неліктен президент үндеуден кейін үкімет құрамының 80 пайызын жаңартқанын, бірақ ешкімді қызметінен босатпағанын сұрады.
"Сіз бұл шешімді президент қабылдады деп айтып тұрсыз ғой, мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Меніңше, үкімет жұмыс істеп жатыр және үкімет министрліктердің жекелеген мүшелеріне қатысты қажетті шешімдердің барлығын қабылдады: тәжірибелі адамдар, тәжірибелі мамандар келді", – деп түйіндеді Қошанов.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасаған болатын.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірнеше шенеунік лауазымынан босатылғаны туралы жазған едік.
Оған қоса мемлекет басшысының жарлығымен президенттің үш жаңа көмекшісі тағайындалды.
Сонымен қатар мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауынан кейін Қазақстанда жаңа министрліктер пайда болып, ескі министрлердің лауазымы ауысқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036451-taziribeli-adamdar-keldi-qosanov-ministrler-kabinetindegi-ozgerister-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.