Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Amanat партиясы мәжіліс депутатының бос мандатына Вера Кимді ұсынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Вера Ким
Вера Ким. Фото: t.me/AMANATPartiyasy

Парламент мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Вера Кимге берілді. Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді, деп хабарлайды Amanat партиясы Telegram-дағы ресми арнасында.

"Amanat партиясы Саяси кеңесі бюросының қаулысымен парламент мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Ким Вера Александровнаға берілді. Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жіберілді", – делінген партия хабарламасында.

Еске сала кетейік, 31 тамыз күні мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш берген еді. 1 қыркүйекте парламент мәжілісінің жалпы отырысында оның өкілеттігі тоқтатылды.

Ал бірнеше күннен кейін Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037094-mazilis-deputatynyn-bos-mandaty-vera-kimge-berildi/