Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімі қаладағы ірі жол-көлік инфрақұрылым нысандарымен танысты

Опубликовано:

Жол-көлік инфрақұрылымының объектілері
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.

Жол-көлік инфрақұрылымының объектілері
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Оған қоса, жол бойында орналасқан елдімекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі салынған.

Ғ.Сыздықбеков жол-көлік инфрақұрылымы нысандарын аралады
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Сондай-ақ қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен де танысты. Нысанның 2-кезеңі -Түркістан көшесінен Терешков көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы - 1,7 шақырым, көшенің ені 42 метр. Жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 30%.

Жол-көлік инфрақұрылымының объектілері
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Құрылыстың 3-кезеңі Темір жолмен қиылыс құрылысының басынан Дамбовая көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 0,561 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты.

Ғ.Сыздықбеков жол-көлік инфрақұрылымы нысандарын аралады
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Нысанның 5 –кезеңі Бадам өзеніндегі көпірден Сауле шағынауданындағы Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 4,7 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Жұмыстардың орындалуы 30%.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037144-symkent-akimi-qaladagy-iri-zol-kolik-infraqurylym-nysandarymen-tanysty/

pixel