Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан: Мақтаарал ауданында биыл 9 елдімекен газбен қамтылады

Опубликовано:

Мақтаарал ауданын газдандыру
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мақтаарал ауданында қазіргі таңда 68 елдімекеннің 36-да көгілдір отын бар. Биыл "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Дихан елдімекеніне газ құбыры тартылып жатыр.

Дихан елдімекеніндегі газ жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталған. Жауапты мердігер мекеме биыл ауыл халқын көгілдір отынға қосу үшін нысанды уақытылы аяқтайтынын айтады.

Мақтаарал ауданын газдандыру
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында газбен қамтылған елді мекендер үлесі 52,1 пайызды құрап отыр. Қолданыстағы автоматты газ тарату станциясының қуаттылығы толығымен пайдалануда. Бұдан бөлек, қосымша қуаттылығы сағатына 50 мың текше метрді құрайтын "Мақтаарал" автоматты газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға беру жоспарланған.

Мақтаарал ауданын газдандыру
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалпы ауданда биыл 9 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін аяқталады.

Мақтаарал ауданын газдандыру
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл қосымша 1 616 абонентті қосуға мүмкіндік береді, яғни аудандағы газбен қамту деңгейі 65,2 пайызға артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037585-turkistan-maqtaaral-audanynda-biyl-9-eldimeken-gazben-qamtylady/

pixel