Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Опубликовано:

Фото
Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып Нұрлан Жаңабаев тағайындалды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов ұжымға Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа тағайындалған полковник Нұрлан Жаңабаевты таныстырды.

Нұрлан Мақсұтұлы Жаңабаев 1984 жылы 11 желтоқсанда Гурьев (қазіргі – Атырау) облысының Махамбет ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы инженер лауазымынан бастаған.

Министр ТЖД-ның тағайындалған бастығына қауіпсіздік мәдениетін және халықтың құтқару ведомствосына деген сенім деңгейін арттыру үшін ұйымдастырушылық және практикалық шараларды орындау қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037617-atyrau-oblysynda-totense-zagdailar-departamentine-zana-bassy-keldi/

pixel