Атырау облысында Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді
Опубликовано:

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып Нұрлан Жаңабаев тағайындалды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов ұжымға Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа тағайындалған полковник Нұрлан Жаңабаевты таныстырды.
Нұрлан Мақсұтұлы Жаңабаев 1984 жылы 11 желтоқсанда Гурьев (қазіргі – Атырау) облысының Махамбет ауданында дүниеге келген.
2006 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы инженер лауазымынан бастаған.
Министр ТЖД-ның тағайындалған бастығына қауіпсіздік мәдениетін және халықтың құтқару ведомствосына деген сенім деңгейін арттыру үшін ұйымдастырушылық және практикалық шараларды орындау қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2037617-atyrau-oblysynda-totense-zagdailar-departamentine-zana-bassy-keldi/