jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Балалар мектепке білім алу үшін барады": Тоқаев мектептегі дін мәселесіне қатысты пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде сөйлеген сөзінде мектептегі дін мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол "мектеп - білім ордасы" екенін және балалар мектепке білім алу үшін баратынын еске салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс.

    Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек", - деп мәлімдеді ол.

    Оның айтуынша, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды.

    "Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз", - деді мемлекет басшысы.

    "Балалар мектепке білім алу үшін барады": Тоқаев мектептегі дін мәселесіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.