jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев бірқатар мұғалімге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағын берді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен педагогтер
    Республикалық педагогтер съезі. Фото : t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағын берді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Аталған марапат:

    • еңбек ардагері Майра Мәмбетоваға (Алматы қаласы);
    • Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезоваға (Петропавл қаласы);
    • С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимоваға (Түркістан облысы);
    • А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісоваға (Қарағанды қаласы);
    • академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллинге (Павлодар облысы);
    • Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержановаға (Астана қаласы);
    • Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиеваға салтанатты түрде табысталды.
    Тоқаев бірқатар мұғалімге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағын берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.