Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қызылордада балаларға үстел теннисінен мастер-класс көрсетті (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың теннис ойнап жатқан сәті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың теннис ойнап жатқан сәті. Видеодан кадр: instagram.com/ptrk.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жас теннисшілермен кездесіп, үстел теннисінен мастер-класс көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президентің телерадиокешені Instagram-дағы ресми парақшасында мемлекет басшысының үстел теннисін ойнап жатқан видеосын жариялады, - делінген видеоның сипаттамасында.

Айта кетейік бүгін мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Президент Нағи Ілиясов ауылындағы спорт кешенін аралаған болатын.

Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қызылорда – Жезқазған" автожолын салу барысымен танысып, жауапты тұлғаларға тапсырма берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040421-toqaev-qyzylordada-balalarga-ustel-tennisinen-master-klass-korsetti-video/

pixel