Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Израильде Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы мәліметті жоққа шығарды

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі қақтығыстар кезінде Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Израиль Қорғаныс армиясының баспасөз қызметі (ЦАХАЛ) ХАМАС ұйымының 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылы кезінде қаза тапқан және жоғалып кеткен шетелдік азаматтардың тізімін жариялаған болатын.

Тізімде Қазақстанның бір азаматының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы дерек бар.

Бұл мәліметке қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Израиль билігі кестеде кеткен қате үшін кешірім сұрады", - дейді ол.

Израильдегі жағдай

7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалды. Шабуылды палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастады.

10 қазанда Air Astana әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Тель-Авивке ұшты. Сол күні түнде 124 қазақстандық арнайы рейспен елге оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041053-sim-izrailde-qazaqstan-azamatynyn-zogalyp-ketkeni-turaly-malimetti-zoqqa-sygardy/

pixel