Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның Балх провинциясына жетті

Опубликовано:

Ауғанстанға келген қазақстандық гуманитарлық көмек
Ауғанстанға келген қазақстандық гуманитарлық көмек. Фото: СІМ ресми сайты

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге жіберілген қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның Балх провинциясына жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Балх 21 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында "Хайратон" теміржол станциясының аумағына (Ауғанстан, Балх провинциясы) Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы келді.

Қазақстаннан Ауғанстанға жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы салмағы 1662 тоннаны құрады. Оны 27 вагонға тиеген. Гумкөмектің ішінде күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.

Ауғанстанға келген қазақстандық гуманитарлық көмек
Ауғанстанға келген қазақстандық гуманитарлық көмек. Фото: СІМ ресми сайты

СІМ мәліметіне сүйенсек, Балх провинциясы губернаторының орынбасары А. Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, үкімет пен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халықтары арасында берік достық байланыстардың бар екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қазанда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен бөлінген гуманитарлық жүктің екінші партиясы жөнелтілгені туралы жазған едік.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған болатын.

Кейін гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына Ұлттық ұланның ұшағымен жеткізілгені туралы хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042037-qazaqstandyq-gumanitarlyq-komek-auganstannyn-balx-provinciyasyna-zetti/

pixel