Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Марат Бекетаев
Марат Бекетаев. Фото: primeminister.kz.

Сот санкциясымен бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап хабарлайды.

"2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген Facebook желісінде жарияланған сот хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Бүгін Антикор ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042238-qazaqstannyn-buryngy-adilet-ministri-marat-beketaev-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel