Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет: "АрселорМиттал Теміртауды" басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ

Опубликовано:

Компанияның зауыт басқару кешені
"АМТ" АҚ. Фото: arcelormittal.kz

Әлеуметтік желілерде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралуда. Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасы бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

"Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Үкімет "АМТ" АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болып, салдарынан 21 адам қаза тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042939-ukimet-arselormitall-temirtaudy-basqa-seteldik-investorlarga-beru-maselesi-qarastyrylyp-zatqan-zoq/

pixel