Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: 21 кеншінің денесі табылды, тағы 23-і шахтада қалып отыр

Опубликовано:

Кенші
Көрнекі фото: Adam88xx/Getty Images

Қарағандыда өртке оранған Костенко атындағы шахтада 21 адамның мәйіті табылды, тағы 23 кенші жер астында қалып қойып отыр, деп хабарлайды "АрселорМиттал Темиртау" компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды. Олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді. Шахтада 23 адам қалып отыр. 21 кеншінің денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істеп тұр", - делінген компания сайтында жарияланған хабарламада.

Қарағандының Костенко атындағы шахтасында болған апат

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042934-qaragandydagy-qaigyly-oqiga-21-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel