Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Франция президенті Эмманюэль Макронмен бірге "Этноауыл" ұлттық көрмесін аралады

Опубликовано:

Тоқаев, Эмманюэль Макрон
Тоқаев, Эмманюэль Макрон. Фото: Ақорда

Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына орай халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы "Этноауыл" көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекеттер басшылары бастаған делегацияны көрме алаңында "Жас көрермендер" театрының әртістері мен "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі ән шашумен қарсы алған.

Франциядан келген жоғары мәртебелі меймандар жеміс-жидекпен безендірілген "Көк базарды", қолөнер бұйымдарын және қазақ суретшілерінің картиналарын, сондай-ақ отандық дизайнерлер әзірлеген ұлттық сән үлгілерінің дефилесін тамашалаған.

Сонымен қатар шетелдік қонақтарға Ұлттық музей қорындағы экспонаттардан "Алтын адам", "Берел жылқысы", "Сармат көсемі", "Қыпшақ жауынгері", жасақталған "Ұлы дала алтыны" экспозициясы, Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайдағы ұлттық музыкалық аспаптар таныстырылды.

Этноауыл аумағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронға балуандарымыз қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, жас жеткіншектер асық ойынын, ал саятшылар мен құсбегілер тазы иттері мен қыран құстарын көрсетіп, халқымыздың аңшылық дәстүрі туралы әңгімелеп берді.

Айта кетейік, бүгін Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043652-memleket-bassysy-franciya-prezidenti-emmanyuel-makronmen-birge-etnoauyl-ulttyq-kormesin-aralady/

pixel