Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді

Опубликовано:

Ильхам Әлиев пен Әлихан Смайылов
Ильхам Әлиев пен Әлихан Смайылов. Фото: t.me/KZgovernment

Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Саммитке Әзербайжан президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.

Ильхам Әлиевті елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Айта кетейк, бүгін Қазақстанға ресми сапармен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келді. Ақорда резиденциясында Виктор Орбанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Кейін Қазақстан президенті мен Мажарстан премьер-министрі шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043827-astanaga-azerbaizan-prezidenti-ilxam-aliev-keldi/

pixel