Астанаға Ердоған мен Садыр Жаппаров келді (фото)
Жарияланған күні:
Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келді, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.
Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алған.
Айта кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді.
Оған ұйымға мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.
Айта кетейік, бүгін елордаға Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те келген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043850-erdogan-men-sadyr-zapparov-astanaga-keldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.