Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал көшелерінде 15 мыңнан астам жарықдиодты шамдар орнатылған

Опубликовано:

Көше шамы
Көрнекі фото: pixabay.com

Үш өзеннің тоғысқан тұсында орналасқан шырайлы шаһардың көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Көшіп келушілер қатары артып, жаңа шағын аудан бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту жұмыстарына басымдық берілген. Соның ішінде көшелерді жарықтандыру жайы – кезек күттірмейтін мәселе.

Қала көшелерінде 15 мыңнан астам жарықшам орнатылған. Оның бәрі – жарықдиодты жабдық. 2023-2024 жылдары көшелерді жарықтандыру желісіне сервистік қызмет көрсету міндеті «КазТехникс» компаниясына жүктелген.

Ал шаһарда LED экран, маңдайша, шағын сәулет нысандары, сыртқы жарықтандыру және оларды ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау жұмыстары үшін 2022-2024 жылдарға 332,9 млн теңге бөлінген. Мердігер ұйым – «Postman RR» ЖШС. Кәсіпорын міндеттелген жоспарды кестеге сай орындап жатыр.

Биыл көшелерді жарықтандыру бойынша 2 жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Әбілқайыр хан даңғылының Депо және Алаш көшелері аралығындағы бөлігі, Брусиловский көшесінің Жәңгір хан көшесі мен Орал-Саратов тас жолы аралығындағы бөлігіне жарықшамдар орнатылып жатыр. Ал С.Рахимов көшесінің Орал-Саратов тас жолы мен Т.Бигелдинов көшесі аралығындағы бөлігінде тиісті жұмыстар аяқталды. Бұл жобаларға бюджет есебінен 784 млн теңге бағытталған.

«Сонымен қатар қала іргесіндегі Желаев ауылдық округінің Бірлік, Самұрық, Қорған көшелеріндегі 3 трансформаторлық қосалқы станциялар ауыстырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады», - дейді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Еркінұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044537-oral-koselerinde-15-mynnan-astam-zaryqdiodty-samdar-ornatylgan/

pixel