Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда 5G желісін іске қосу жоспарлануда

Опубликовано:

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мен "Қазақтелеком" АҚ арасында өңірде байланыс пен интернетті дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен өткен кездесуде жергілікті билік пен еліміздегі ірі байланыс операторының бірлескен жұмысы өңіріміздегі байланыс пен интернетке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Облыстағы интернеттің әлсіздігі – өзекті мәселелердің бірі. Трассалардың бойында тіпті қолжетімсіз орындар бар. Жезқазған-Қарағанды бағытында бірқатар нүктеде ұстайды, ал Қызылордаға барар жолда тіпті жоқтың қасы. Бұл – білім беру мекемелеріне де қатысты. Мектептерді цифрландыру үшін де ғаламтор желісі жеткіліксіз болып тұр. Өңірде педагогтердің жеткіліксіздігін де онлайн оқыту арқылы шешуіміз қажет. Ол үшін ұялы байланыс пен интернеттің көмегіне жүгінеміз. Сондықтан, аталған мәселелерді шешу үшін өздеріңізден қолдау күтеміз", - деді кездесу барысында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Атап айтқанда, облыс орталығында "Қазақтелеком" АҚ 5G желісін іске қосуды жоспарлап отыр, сондай-ақ қол қойылған меморандумда 2025 жылға қарай Жезқазған қаласының желілерін талшықты-оптикалық байланыс желілеріне көшіруді жүзеге асыру, өңір мектептерінде интернетке қол жеткізу жылдамдығын арттыру жөніндегі техникалық мүмкіндіктерді қарастыратын сараптамалық топ құру және 2023–2024 жылдары Ұлытау облысының аумағында ұялы байланыс пен мобильді интернетті дамыту бойынша қажетті іс-шаралар жоспарын бекіту ұсынылды.

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Бұдан бөлек Жезқазған қаласында 5G-орындардың санын 5-тен 20-ға дейін ұлғайту, облыстың 12 ауылдық елдімекенін мобильді байланыс пен 4G-интернетті қамтамасыз ету бойынша лицензиялық міндеттемелеріне қосу және облыстың 36 мектебіне талшықты-оптикалық байланыс немесе радиокөпір жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.

Жезқазған қаласында 5G желілері келесі мекенжайлар бойынша іске қосылмақ: Мұса Жәлел көшесі, 17; Гагарин көшесі, 76/1а; Ломоносов көшесі, 8; Алашахан даңғылы, 8 және 34.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044968-zezqazganda-5g-zelisin-iske-qosu-zosparlanuda/

pixel