Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала ажарын асфальт жол ашады

Опубликовано:

Асфальт төсеу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара" дейміз. Расында, қаланың сәулеті мен ажарын айшықтап тұратын басты бейнелі көріністі осы жолдың жайы екені жасырын емес. Қаланың сән-салтанатынан бөлек, қатынастың қолайлылығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі және көлік қозғалысының икемділігі де жайлы жолдың арқасында болары анық.

Бұл ретте Таразда толайым тірлік атқарылуда деп толық сеніммен айтуға болады. Мәселен, шаһардағы "Бурыл" тұрғын алқабына асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жауапты іске мердігер ретінде "Арайстроймаркет-2003" ЖШС бекітілген.

Асфальт төсеу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Алқап жолдарын асфальттауды биылғы маусымда бастаған құрылыс компаниясы 33,7 шақырым жолға, яғни алқаптағы 75 көшеге сапалы жол жабындысын төсеуі қажет. Бүгінгі Саду Шәкіров, Қасымбеков, Молдағалиев көшелеріне екі қабат асфальт жол жабындысы төселіп, кәріз қақпақтары қойылып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Жоба бойынша қалған сома қаражаты келер жылға қарастырылып, нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылы толық аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ "Барысхан" тұрғын алқабына асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстары да басталып кеткен. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына Ұлттық қордан 100,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 11,1 млн теңге бөлінген. Мердігер мекеме "UNISERV" ЖШС жалпы ұзындығы 16,2 километрге жететін 24 көшені асфальттау жұмыстарына қыркүйек айының ортасында кірісіп кеткен.

Асфальт төсеу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Биылға бөлінген қаражатқа қоғамдық көлік жүретін 2 көше асфальтталуда. Сонымен қатар алқап тұрғындарымен кездесу нәтижесінде Құрманбетов көшесінің жол жабындысы 6 метрден 8 метрге кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы мен бордюр қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045702-qala-azaryn-asfalt-zol-asady/

pixel