jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Облыста Семей қаласын дамытудың Бас жоспары әзірленіп жатыр

    Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Осы ретте Семей қаласының төңірегіндегі 32 елді мекенді дербес облысқа біріктіру жұмысы басталып кетті. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.

    Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    2023 жылға қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға 3,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде қаладағы 70 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, 9 тұрғын үйге қабырға суреттері салынды.

    Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    Сондай-ақ облыста Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы жаңа, төрт жолақты, көпір құрылысы жүріп жатыр, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Аспалы көпірді жапон мамандары тексерді. Қазір жобалық-сметалық құжатамалары әзірленіп жатыр. Айта кетсек, аспалы көпір астында кеңістіктер пайдалануға берілді.

    Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    Жамақаев және Мәңгілік Ел көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындар жасалып, этноауыл салынып жатыр. Жер асты өткелдері жөнделіп, жылы аялдамалар орнатылды. Келер жылы Ертіс өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен Бейбітшілік аралына балалар теміржолын салу жоспарда бар.

    Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    Облыста Семей қаласын дамытудың Бас жоспары әзірленіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.