Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚШҰ саммитіне Армения өкілдері қатысқан жоқ: Александр Лукашенко пікір білдірді

Опубликовано:

Иманғали Тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов. Фото: t.me/odkb_csto

Бүгін ҰҚШҰ саммитіне Армения өкілдері қатысқан жоқ. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко, Кремль баспасөз хатшысы және т.б. мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бүгін Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитінде Армения өкілдері болмағанын айтты. Сондай-ақ оның айтуынша, Армения кездесуге байланысты дайындық жұмыстарына ат салыспаған.

Бұл ретте ҰҚШҰ саммитіне Армения атынан ешбір өкіл келмегеніне қатысты Беларусь президенті Александр Лукашенко пікір білдіріп, кез келген түйткілді мәселе келіссөздер үстелі алдында талқылануы керектігін айтты.

"Біз Кавказдағы жайт пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мүшелерінің біріне қатысты кейбір мәселелерді талқыладық. Біз проблемалық мәселелер қашан да болғанымен әрі болатынымен келісіп, ортақ пікірге келдік. Егер оларды шешуді көздесек, онда демарш жасамай, оның бәрін келіссөздер үстелінде талқылау қажет", – деді Лукашенко ҰҚШҰ кеңейтілген отырысында.

Бұл ретте Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдемесі бойынша, Ресей Армениямен өзара одақтас болып қалатынына әрі Армения өзінің сыртқы саяси бағытын өзгертпейтініне үміттенеді. Мәскеу Ереванмен диалогын жалғастырады.

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов журналистерге Арменияның ұйымнан шығуы туралы әңгіме мүлдем болмағанын айтты.

"Қазір Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы туралы әңгіме жоқ", – деп жазады басылым Тасмағамбетовтің сөзіне сүйеніп.

Еске салайық, бүгін, 23 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысқан болатын. Сессия кезінде Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдай туралы ойын жеткізді.

Оған қоса бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ сессиясында қандай мәселелерді көтергені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047363-uqsu-sammitine-armeniya-okilderi-qatysqan-zoq-uiym-bassysy-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel