Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда «Бурыл» алқабындағы он үш көшеге асфальт төселді

Опубликовано:

Асфальтталған көше
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Биыл Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе, талай жылдан бері жол игілігін сезінбеген алқаптар айрықша назарда.

«Бурыл» алқабы тұрғындарының да көптен бергі тілегі жол құрылысы болатын. Өйткені, бұл алқапқа халық қоныстанғалы бері бірде-бір асфальт төселмеген. Енді, міне, көптің тілегі орындалып, алқапқа тақтайдай тегіс жол төселуде.

Асфальт төсеу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жоба бойынша асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстарында 33,7 шақырым, яғни «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабында 75 көше асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Биыл тұрғындар сұранысына орай, қоғамдық көлік жүретін негізгі 5 көшені асфальттау жоспарланған еді. Ауа райының қолайлығына байланысты 13 көшеге асфальт төселді. Құрылыс мердігері – «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Асфальтталған көше
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қазір құрылыс басында жиырмаға жуық техника, қырықтан аса жұмысшы күн-түн демей жұмыс істеуде. Мердігер мекеме өкілдерінің сөзінше, ауа райы қолайлы болса, қалған көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жалғасады. Ал күн райы тиісті температурадан төмендейтін болса, жұмыстар тоқтатылады.

Асфальт төсеу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Дегенмен келер жылы қалған көшелерге асфальт жабындысын төсеу көзделуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2048182-tarazda-buryl-alqabyndagy-on-us-kosege-asfalt-toseldi/

pixel