Ақмола облысында 20 ауыл жыл соңына дейін таза сумен қамтылады
Жарияланған күні:
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы қалалардың сумен қамтылу деңгейі 95,3 пайыз болған, ал ауылдарда – 93 пайыз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақмола облысында мемлекет басшысының еліміздің барлық қаласы мен ауылын жүз пайыз сумен жабдықтау туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Бөлінген қаражат есебінен жыл соңына дейін дейін халық саны 12 мың адам болатын 20 ауылда сумен жабдықтау қызметтеріне жүз пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың ішінде Астрахан ауданының Еңбек, Магдалиновка, Хрящевка, Атбасар ауданындағы Покровка, Үлгі, Баймырза, Заозерный, Біржан сал ауданындағы Бірсуат, Қараөзек, Новодонецк, Бұланды ауданындағы Тастыөзек, Игілік, Дальнее Есилское, Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл, Каменка, Сандықтау ауданындағы Новоромановка, Тайтөбе, Целиноград ауданындағы Төңкеріс, Ерейментау ауданындағы Селетинское және Жаңажол елді мекендері бар»,- деп хабарлайды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері.
Ведомство өкілдерінің хабарына қарағанда, биыл Астрахан ауданындағы Еңбек ауылында, Біржан сал ауданындағы Баймырза ауылында, Ерейментау ауданындағы Жаңажол және Еңбек ауылдарында нысандар пайдалануға берілген. Тағы төрт жоба бойынша жұмыстар толық орындалып, пайдалануға беру актісі дайындалуда. Таза суды Бұланды ауданы Қараөзек ауылының, Есіл ауданындағы Ақсай ауылының, Целиноград ауданындағы Родина ауылының, Шортанды ауданындағы Новографское ауылының тұрғындары алады.
Суды тазартудың 19 кешенді блок-модулін орнату есебінен қосымша төрт мың адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.
2023 жылы сумен жабдықтау және су бұру нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша 44 шара іске асырылып жатыр. Бұл шаралар сумен қамтуды қала халқының 97 пайызына және ауыл тұрғындарының 95 пайызына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы Қазақстанның Қаржы министрлігі 20,8 миллиард теңгеге сумен жабдықтауды дамыту бойынша тағы 29 жобаны алдын ала қолдап отыр.
Басқармадағылардың ақпараты бойынша, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне жүз пайыз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 170 ауылда бірқатар жоба жүзеге асырылады екен. 65 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы жоспарланған, тағы 105 ауылда кешенді блок-модульдер немесе су тарату пункттері орнатылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2048394-aqmola-oblysynda-20-auyl-zyl-sonyna-deiin-taza-sumen-qamtylady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.