jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Шымкентте базар маңындағы жер асты өткелдері қолданысқа берілді

    Базар маңындағы жерасты өткелдері
    Фото: Шымкент қаласының әкімдіг

    Қаладағы "Алаш", "Бекжан" базарлары көлік ағыны жоғары, халық көп шоғырланатын аумақ болып саналады. Сондықтан, биыл сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойында 3 жер асты өткелінің құрылысы қолға алынған болатын.

    Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков "Алаш" базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде болып, жаңа нысандардың сапасын тексерді. Құрылысы жарты жылда жүргізілген жер асты өткелдері бүгін қолданысқа берілді. Енді осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің қатынауы жеңілдеп, көлік кептелісі азаятын болады.

    Базар маңындағы жерасты өткелдері
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Темірлан тас жолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 42,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Жобаға сәйкес, А-2 автомобиль жолындағы өткел ұзындығы — 36,5 метр, ені 6,8 метр, биіктігі 2,6 метрді құрайды.

    Базар маңындағы жерасты өткелдері
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Қала басшысы аудан әкіміне жаңа нысандарды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал тиісті басқарма басшысына жүріп-тұруы қиын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырма берді.

    Базар маңындағы жерасты өткелдері
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Айта кетейік, қазір "Бекжан" базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жер асты өткелінің құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталуға жақын. Өндірістік кестеге сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

    Шымкентте базар маңындағы жер асты өткелдері қолданысқа берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.