jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Qarmet компаниясының жаңа логотипі жарияланды

    Qarmet компаниясының жаңа логотипі
    Qarmet компаниясының жаңа логотипі. Фото: Qarmet компаниясының баспасөз қызметі

    Qarmet деген жазу - кәсіпорынға қайтарылған тарихи атауы. Логотип таудың үстінен шыққан күн түрінде жасалған. Компаниядағылар жаңа логотипті таныстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі компанияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

    Компания өкілдерінің айтуынша, тау Теміртау қаласын көрсетсе, атқан таң - "жаңғыруды" білдіреді.

    "Компанияның жаңа басшылығы комбинаттың даңқын, металлургтер мен кеншілер мәртебесін, қоршаған ортаны қалпына келтіру ұранымен жұмысқа кірісті", - делінген хабарламада.

    Костенко шахтадағы төтенше жағдайдан кейін биылғы қазан айында Үкіметте компания акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және АМТ-ға меншік құқығын Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәмілені ресімдеу аяқталғанын хабарлады.

    Келісімге қол қоюды "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өзі де растады. Мәміленің егжей-тегжейін өнеркәсіп министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев түсіндірген.

    Желтоқсан айының басында "АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде атауын Qarmet деп өзгертті. Осыдан бірнеше сағат бұрын Қазақстан үкіметі "АрселорМитталдың" Қазақстаннан шығуы туралы келіссөздер сәтті аяқталғанын хабарлады.

    Qarmet компаниясының жаңа логотипі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.