Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Назарбаев пен Путиннің кездескенін хабарлады

Опубликовано:

Назарбаев пен Путин
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің жеке кездесу өткізгенін хабарлады.

"Иә, ол расымен де Мәскеуде болды. Ол президентпен (Путинмен - ред.) жеке кездесті. Біз мұны растаймыз", - деді Песков журналистермен кездесуде. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин 9 қараша күні Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны Астана әуежайынан жеке өзі қарсы алды.

Кейін олар XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2051738-resei-prezidentinin-baspasoz-xatsysy-nazarbaev-pen-putinnin-kezdeskenin-xabarlady/

pixel