Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 бөлмелі пәтер мен BMW": қаржы вице-министрі қандай мүліктерін декларациядан өткізгенін айтты

Опубликовано:

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. Фото: primeminister.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов үкіметтегі брифингте жалпыға ортақ декларациялау басталғалы өзінің қандай мүліктерін декларациядан өткізгенін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ержан Біржанов "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" ҚР заңының 11-бабына сәйкес саяси мемлекеттік қызметшілер декларацияларды 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жариялауы керек екенін еске салды.

"Өзіме қатысты: мен негізгі декларацияда өзіме тиесілі үш бөлмелі пәтерді, автокөлігімді декларацияладым. Кереметтей көлік емес. 2017 жылы шыққан BMW. Мен киген костюм Қазақстан өнімі, тіпті этикеткасын да көрсете аламын. Киген аяқ киімім де қазақстандық өндірістен шыққан. Пәтерімнің ауданы 74,5 шаршы метр", - деді ол.

Алайда вице-министр өз пәтерінің құнын жарияламады.

"Оның нарықтық құнын қазір мен білмеймін. Мен оның нөмірін және оның қай жерде екенін жария еттім. Мен құнын бағаламаймын, салықты есептейтін уәкілетті органдар бағалайды. Мен бұл салықтарды жыл сайын төлеймін", - деп түйіндеді Біржанов.

Бұған дейін Біржанов мобильді аударымға қатысты жаңашылдықтарды түсіндіріп берген еді. Сондай-ақ ол мобильді аударым жасағанда қайырымдылыққа салық салынбайтынын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2054682-3-bolmeli-pater-men-bmw-qarzy-vice-ministri-qandai-mulikterin-deklaraciyadan-otkizgenin-aitty/

pixel