Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа директор тағайындалды

Опубликовано:

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото: "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Ғалымжан Жусанбаев тағайындалды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мұрат Досмұратовтың кәсіпорын басшысы ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізіп, оның барысында "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысын сынға алған еді. Мемлекет басшысы 10 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында энергетика министрлігі мен "Самұрық Қазына" қорына, соның ішінде, "Қазмұнайгаз" компаниясына жанар-жағар май нарығына ықпал ететін мұнай өңдеу зауыттарындағы ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Сондай-ақ үкіметке қормен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспардан тыс тоқтап қалуына байланысты жағдайға кінәлілерді жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Ал артынша мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты. Бұл кезде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Алайда кейін ол қызметінен кетіп, бұл қызметке Мұрат Досмұратов келді.

Жергілікті "Прикаспийская коммуна" газетінің мәліметінше, Ғалымжан Жусанбаев бұл салада 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары "SAT Operating Aktau" ЖШС, "Шымкент Мұнай Өнімдері" АҚ, "Petro Export" ЖШС-да бас директор қызметін атқарған.

Компания сайтындағы мәлімет бойынша, Атырау мұнай өңдеу зауыты ("АМӨЗ" ЖШС) - Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытының бірі.

Ұлы Отан соғысы жылдары салынған және 1945 жылы пайдалануға берілген. Мұнай өңдеу зауытының иесі - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (99 пайыз). Өңдеу қуаттылығы жылына 5,5 млн тонна, өңдеу тереңдігі 86,4 пайыз.

Кәсіпорын тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан астам түрін (таңбалауды қоса алғанда) шығарады: сұйытылған көмірсутекті газдар, автомобиль, дизель отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, вакуумдық газойль, пеш отыны, мазут, кеме отыны, мұнай кокстары, техникалық күкірт, параксилол, бензол және тағы басқасы. Бүгінгі таңда зауыт - Қазақстандағы мұнай-химиялық өнімді шығаратын бірден-бір өндіруші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2054776-atyrau-munai-ondeu-zauytyna-zana-direktor-tagaiyndaldy/

pixel