jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда жүздеген мемлекеттік қызметшінің жұмыс кестесі жеңілдеді

    Қызметкер
    Қызметкер. Көрнекі фото: Рexels.com

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен алқа мәжілісінде 234 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыс істеуге байланысты қосымша тынығу сағаттары берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттіктіің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

    Былтыр мемлекеттік органдардағы мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты 234 мемлекеттік қызметшіге қосымша тынығу сағаттары беріліп, 53 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

    Бұдан бөлек, агенттік мемлекеттік қызметшілердің мансабы мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін шаралар қабылданды.

    "Былтыр мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір санаты қашықтықтан немесе аралас қашықтықтан, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

    Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді. Осылайша, икемді жұмыс уақытын пайдалану тәжірибесі өткен жылы 72,4 пайызға өсті. 2022 жылы икемді кестені 835 мемлекеттік қызметші пайдаланса, 2023 жылы олардың саны 3024 адамды құрады", - делінген агенттік хабарламасында.

    Қазақстанда жүздеген мемлекеттік қызметшінің жұмыс кестесі жеңілдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.