Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Рим папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканға барды. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.

Тоқаевтың Италияға сапары

17 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келді. Италия президентінің резиденциясында Тоқаевты қалай қарсы алғанын мына жерде көрсеткен едік.

Римде Тоқаев Италия президенті Сержо Маттарелламен келіссөз жүргізіп, түскі ас ішті - қазақстандық көшбасшы өзінің әріптесін Қазақстанға шақырды.

18 қаңтарда Тоқаев "Киджи" сарайына барып, Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.Сосын Ақорда олардың бірлескен мәлімдемесін таратты.

Кейін Қазақстан президенті Римге ресми сапары аясында Италияның бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездескенін жаздық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056460-toqaev-rim-papasy-franciskpen-kezdesu-usin-vatikanga-bardy/

pixel