jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев табиғат тосын мінез танытқанда жанқиярлықпен еңбек еткен қызметкерлерге алғыс айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғат тосын мінез танытқанда жанқиярлықпен еңбек еткен бір топ азаматқа алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

    Бұл туралы ақпарат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

    "Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды", - делінген Ақорда хабарында.

    Айта кетейік, қыстың екінші айында күн қайта бұзылып, еліміздің бірқатар өңірінің тұрғындарын әбігерге салды. Күні кеше Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жедел жәрдем қызметкерлері ақтүтек боранда науқастың үйіне жету үшін жарты жолда көлігін тастап, омбылап жаяу барғанын жазған едік.

    Бұдан бөлек, Мұғалжар ауданы Басшилі ауылының 73 жастағы тұрғынын ауруханаға жеткізу үшін ақтөбелік құтқарушылар ақтүтек боранда жол талғамайтын көліктің алдына түсіп алып 18 км жаяу жүрген.

    Тоқаев табиғат тосын мінез танытқанда жанқиярлықпен еңбек еткен қызметкерлерге алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.