Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президентке Агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы, оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы шаралар аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Орындалған ұйғарымдардың үлесі 90,3 пайызға жетті.

Сонымен қатар Марат Омаров Агенттіктің бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған жоспары жайында айтты.

Агенттік төрағасының айтуынша, бүгінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау үшін ақпараттық-сараптамалық жүйе әзірленіп, іске қосылған, мемлекеттік қызметтер цифрландырылған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараттық жүйесі, яғни деректер базасы әзірленіп жатыр. Картельдік сөз байласу фактілерін анықтау мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізіледі.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Омаровқа экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2061795-toqaev-basekelestikti-qorgau-zane-damytu-agenttiginin-toragasyna-tapsyrma-berdi/

pixel