Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "Оператор РОП" орнына көлік утилизациясы бойынша жаңа бағдарлама әзірленді

Опубликовано:

Ауыл шаруашылығы техникалары
Ауыл шаруашылығы техникалары. Фото: pixabay.com

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі көлік құралдарын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірлегенін хабарлады. Бұл туралы ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Жасыл даму" АҚ-мен бірлесіп, көлік құралдарын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірледі.

Бағдарламаға қара металды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір кәсіпорынның монополиясы алып тасталады. Ескі автокөлікті қайта өңдеу үшін төлем алынатын шикізатқа меншік құқығы", - делінген хабарда.

Ескі көлік иелеріне жеңілдік сертификаты ұсынылады, оның номиналы белгіленген тәртіппен анықталады.

Қазіргі уақытта ережелер жобасы әзірленіп, бекіту процесінде екен.

Бұған дейін "Оператор РОП" компаниясы ӨКМ қолданысына жататын тауарлардың (өнімдердің) қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және утилизациялаумен айналысқан болатын. Ал 2022 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев бұл компания көптеген сұрақ туғызатынын мәлімдеп, оның қызметін тоқтатуды тапсырған.

Сол жылдың 19 қаңтарында Қазақстанда утилизация бойынша "Оператор РОП" қызметі тоқтатылды, ал өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын орындау мемлекеттік ұйымға – "Жасыл даму"АҚ-ға берілді.

Ал осыдан кейін компаниямен байланысты адамдарды ұстау шаралары туралы хабарлана бастады. 2022 жылғы сәуірде Антикор өкілдері Экология министрлігінің және "Оператор РОП" лауазымды тұлғалары 180 млрд теңге ұрламақ болғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2062732-qazaqstanda-operator-rop-ornyna-kolik-utilizaciyasy-boiynsa-zana-bagdarlama-azirlendi/

pixel